Алан Құрманғалиев WTT China Youth Smash турнирінің жартылай финалына шықты
Қарағандылық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтіп жатқан WTT China Youth Smash жастар турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Спортшының жаттықтырушысы — Эльмира Әлиева.
Ширек финалда қазақстандық теннисші Қытай өкілі Чжоу Гуаньхунды 4:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін Алан топтық кезеңде Қытайлық Тайбэй өкілі Чен Кай-Ченгті 4:0, ирандық Мохаммад Хабибиді 4:2 және малайзиялық Ли Хонг Анды 4:1 есебімен ұтқан болатын.
Ал 1/8 финалда сингапурлық Николас Танды 4:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.