Қазақстан Азия ойындарында Мальдив құрамасын жеңді
Қазақстан әйелдер құрамасы үстел теннисінен Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық жарыста екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшылардың қарсыластары Мальдив өкілдері болды.
Кездесу 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Осы жеңістен кейін біздің құрама С тобында екінші орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Оңтүстік Кореяға жол берген болатын. Бұл жарыста ел намысын Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская қорғауда.