Әсет Сағымбаев Азия ойындарындағы мақсат туралы: Көшбасшыларымыз медаль алуға тырысады

Әсет Сағымбаев Азия ойындарындағы мақсат туралы: Көшбасшыларымыз медаль алуға тырысады

Астанада Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарының алдында Қазақстанның үстел теннисінен ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) бастады, деп хабарлайды Sport+.

Құрама командасының бас бапкері Әсет Сағымбаев өз әсерімен бөлісті:

«Үстел теннисінен жарыстар 20 қыркүйекте басталып, Айти префектурасында (Нагоя қаласы) өтеді. Қазақстан намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Искендер Харки, Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Қошқымбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская қорғайды.

ОЖЖ аясында техникалық-тактикалық дайындыққа басымдық беріп отырмыз. Байланыстар мен дайындалған тактикалық комбинацияларды пысықтап, психологты да жұмысқа қостық. WTT Contender Almaty турнирінен кейін спортшыларымыздың әлсіз тұстарына назар аударып, оларды егжей-тегжейлі пысықтау қажет екенін анықтадық. Азия ойындарындағы мақсатымыз қандай? Көп нәрсе жеребеге байланысты. Команданың көңіл-күйі жақсы, ал көшбасшыларымыз медаль алуға тырысады».



Күн шежіресі