АСА ұйымында Егембердиев – Агуев жекпе-жегіне болжам жасалды

АСА ұйымында Егембердиев – Агуев жекпе-жегіне болжам жасалды

АСА лигасының вице-президенті Руслан Хамзаев лиганың YouTube-арнасындағы подкастта қазақстандық Евгений Егембердиев пен Арби Агуев арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Sport+.

«Бұл жекпе-жек екеуі үшін де өте қиын болады. Оларды ауыр сынақ күтіп тұр. Егембердиев соққы техникасына көбірек бейім, жекпе-жектерінің 62%-ын нокаутпен аяқтаған. Күресе де алады, дегенмен соққы техникасына көбірек мән береді.

Ал Агуевке келсек, ол — таңғаларлықтай мықты, физикалық дайындығы өте жоғары. Тұрып төбелесе де алады, нокаутқа түсіре де алады, бірақ күресті жөн көреді. Оның бапкерінің кеңесіне құлақ аспай, еш әрекетке реакция білдірмейтін таңғаларлық қасиеті бар. Сонымен қатар күресі өте мықты: қарсыласын партерге ауыстырып, төменге түсіре алады.

Меніңше, бұл жекпе-жекте оның тұрыста күш сынасатын жағдайы емес. Сондықтан ол күреске басымдық береді деп ойлаймын. Аяққа өту тәсілдерін жақсы меңгерген. Мен Агуевтің жеңіс мүмкіндігін 55%-ға, Егембердиевтікін 45%-ға бағалаймын. Жеңісі жарқын болмауы мүмкін, жекпе-жек тартысты әрі ауыр өтуі ықтимал. Бірақ жекпе-жек партерде аяқталады деп ойлаймын», — деді Хамзаев.

Жекпе-жек Краснодарда өтетін АСА 207 турнирі аясында ұйымдастырылады. Бұл кездесуді Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.



Күн шежіресі