logo

Багдос Олжабай АСА турнирінде үшінші жеңісіне талпынуда. Sport+ арнасы Краснодардағы АСА 199 кездесулерін көрсетеді

Багдос Олжабай АСА турнирінде үшінші жеңісіне талпынуда. Sport+ арнасы Краснодардағы АСА 199 кездесулерін көрсетеді

Краснодарда өтетін АСА 199 турниріне 10 күн қалды. Аталмыш ивентте Қазақстанның ең мықты жеңіл салмақтағы балуандарының бірі Бағдос Олжабай лигадағы үшінші жекпе-жегін өткізеді.

Бағдос, лигадағы екі жеңістен тұратын сериясын жалғастырып, Bellator, EFL және басқа да лигаларда жекпе-жектері бар мықты Жора Айвазянмен кездеседі. Айвазян дәл осы жерде Қазақстандық тағы бір спортшы Али Кабдулланың мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеген болатын.

Сонымен қатар, турнир картасында NAIZA және Alash Pride лигаларының бұрынғы балуандары Вихсан Кадыров (Alash Pride-та 3-1), Рамазан Эмеев (NAIZA титулы үшін Нурбек Кабдрахмановпен күрескен) және Эдил Эсенғұлов (Alash Pride-та 0-2, NAIZA-та 2-0 және Атыраудағы Mergen FC лигасында 2-0) жекпе-жектер өткізеді.

Краснодардағы турнир 16 қаңтарда өтеді. Барлық шараны Sport+ телеарнасында тікелей эфирде көруге болады.



Күн шежіресі