«Барыс» «Адмиралдың» қақпасына төрт шайба соқты
«Барыс» хоккей клубы қараша айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясын Владивостокта жергілікті «Адмиралға» қарсы кездесумен жалғастырды, деп хабарлайды Sport+.
Матч алаң иелерінің пайдасына 5:4 есебімен аяқталды. Қазақстандық команда сапында Асанәлі Сәркенов, Логан Дэй, Әлихан Өмірбеков және Джастин Бейли шайба соқты. Сондай-ақ екі нәтижелі пас берген Джейк Массиді ерекше атап өткен жөн.
«Барыс» келесі кездесуін 8 қарашада сырт алаңда «Амурға» қарсы өткізеді.