Қазақстан құрамасы триатлоннан Азия чемпионатына қатысады
Триатлоннан Акаба қаласында (Иордания) өтетін Азия чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған тізімге Қазақстан құрамасының спортшылары да кірді.
Азия біріншілігінде спринттен Аян Бейсенбаев, Арлан Жаңабай, Максим Шмулич, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Алуа Нұрмұхамет, Диана Ержанова ел намысын қорғайды.
Еске салсақ, Егор Крупяков жақында Чунцинде (Қытай) өткен Азия кубогында күміс жүлдегер атанған еді.
Сары құрлық біріншілігі 26 қарашада өтеді. Сондай-ақ тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.