Қазақстан U18 құрамасының Грузияға қарсы жолдастық матчтарға арналған құрамы

Қазақстан U18 құрамасының Грузияға қарсы жолдастық матчтарға арналған құрамы

18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грузия екі жолдастық матч өткізеді. Кездесулер 15 және 17 қараша күндері Тбилиси қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Алдағы оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық матчтарға шақырту алған футболшылардың тізімі жасақталды.

Қақпашылар: Камиль Гайнуллин, Батырхан Серікбай (екеуі де — «Қайрат»), Рустам Гаптурахманов («Алтай»);  

Қорғаушылар: Мансұр Авасханов, Марлен Әмренов, Тарлан Ерболатов, Альфир Ханафи (барлығы — «Қайрат»), Мейірлан Балтабаев, Жәнібек Жайлаубек (екеуі де — «Шахтер»), Диярхан Қарабалинов («Аланьяспор», Түркия);  

Жартылай қорғаушылар: Ислам Рақым, Әлихан Жұмабек (екеуі де — «Қайрат»), Расул Әкімов, Данил Литвиненко, Дамир Юсупбеков (барлығы — «Шахтер»), Арман Ахмет, Ибраһим Бауыржанов, Ринат Бейбітов (барлығы — «Ақтөбе»), Шаріпхан Шәріпжан («Хан-Тәңірі»);  

Шабуылшылар: Аян Аманжолов («Ақтөбе»), Расул Досан («Тұран»), Әділбек Тұрдах («Ордабасы»).

Бапкерлер штабы: Евгений Коструб — аға бапкер, Талғат Қанышев — аға бапкердің көмекшісі, Олжас Тұртұлов — қақпашылар бапкері, Жеңіс Арыстан — дене даярлығы бапкері, Дмитрий Васильев — бапкер-сарапшы, Елдар Исаев — дәрігер, Сергей Бурлуцкий — массажист, Серік Жугралин — менеджер, Жанболат Тыныбек — әкімші.



Күн шежіресі