«Барыс» «Салават Юлаевты» 14 шайба соғылған матчта жеңді

«Барыс» «Салават Юлаевты» 14 шайба соғылған матчта жеңді

«Барыс» хоккей клубы Континенттік хоккей лигасының тұрақты маусымындағы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Михаил Кравец шәкірттері «Салават Юлаевты» 8:6 есебімен жеңді. Қазақстандық команда сапында Тайс Томпсон дубль жасаса, Чейз Приски, Мейсон Морелли, Джестин Бейли, Логан Дэй, Ансар Шайхмедденов және Кирилл Ляпунов бір-бір шайбадан соқты.

«Барыс» келесі матчын да өз алаңында өткізеді. 12 қыркүйекте астаналық команда «Амурды» қабылдайды.



Күн шежіресі