«Барыс» Санкт-Петербургтегі турнирде «Адмиралды» жеңді

«Барыс» Санкт-Петербургтегі турнирде «Адмиралды» жеңді

«Барыс» хоккей клубы Санкт-Петербургте өткен жолдастық турнирдегі соңғы матчын «Адмиралға» қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Командалар негізгі уақытта қосылып 10 шайба соқты. Кездесу 5:5 есебімен аяқталды. Овертаймда астаналықтар дәлдік танытып, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

«Барыс» құрамында Әлихан Өмірбеков екі шайба соқты. Семен Симонов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан және Чейз Приски бір-бір шайбадан автор атанды.



Күн шежіресі