Қазақстан Ұлттық ММА федерациясының алғашқы конгресі өтті
Астанадағы Rixos President Astana қонақүйінде Қазақстан Ұлттық ММА федерациясының алғашқы конгресі өтті, деп хабарлайды Sport+.
Конгресс барысында еліміздегі аралас жекпе-жек өнерін дамытуға қатысты негізгі мәселелер, өзекті түйткілдер мен оларды шешу жолдары, сондай-ақ қазақстандық ММА-ның алдағы даму перспективалары талқыланды.
Жиында келесі бағыттарға ерекше назар аударылды:
— Қазақстандағы ММА саласындағы өзекті мәселелерді шешу;
— Спорт түрін одан әрі дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындау;
— Жастармен жұмыс жүргізу және спортшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау;
— Еліміздің өңірлерінде ММА-ны дамыту, жергілікті федерациялар мен клубтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
— 2027 жылға арналған жарыстардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу және бекіту.
Сонымен қатар конгресс аясында Федерацияның вице-президенттері сайланып, қызметтің түрлі бағыттары бойынша бейінді комитеттер құрылды.
Алғашқы конгресс Федерацияның ұйымдық құрылымын нығайтуға және Қазақстандағы аралас жекпе-жек өнерін дамытудың басым бағыттарын айқындауға бағытталған маңызды қадам болды.