Джемухаевтың NAIZA чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жектегі қарсыласы өзгерді
Қазақстандық файтер Сайхан Джемухаев NAIZA лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атағын жеңіліп көрмеген ресейлік Исхак Магомедовке қарсы жекпе-жекте қорғайды, деп хабарлайды Sport+.
Исхак Магомедов UFC файтері Богдан Гуськовтың спарринг серіктесі болып саналады және GOR MMA залында жаттығады.
Жекпе-жек 1 қараша күні Павлодар қаласында өтеді. Айта кетейік, Сайханның бұған дейінгі қарсыласы жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан.