Зангар Нұрланұлы Almaty Open ATP 250 турниріндегі жекелей сындағы өнерін аяқтады
21 қазанда қазақстандық теннисші Зангар Нұрланұлы Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізді.
ATP әлемдік рейтингінде 1308-орында тұрған 18 жастағы қазақстандық спортшы ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен (wild card) негізгі кезеңге қатысу мүмкіндігін алды. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 72-орында тұрған чехиялық Томаш Махач болды.
Кездесу чехиялық теннисшінің пайдасына 6:2, 6:0 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 3 минутқа созылды.
Ойын барысында Нұрланұлы тәжірибелі қарсыласының жоғары қарқынына төтеп беруге тырысты. Махач сегіз эйс жасап, алғашқы доп беру кезіндегі ұпайлардың 85 пайызын жеңіп алды және сегіз брейк-пойнттың алтауын жүзеге асырды.
Қазақстандық теннисші алты виннер жасап, 15 еріксіз қателік жіберді және төрт брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Сонымен қатар Зангар қарсыласының екінші добын қабылдау кезінде ұпайлардың 56 пайызын өз еншісіне жазды.
Жеңіліске қарамастан, ATP 250 санатындағы турнирдің негізгі кезеңінде өнер көрсету жас қазақстандық теннисші үшін әлемнің үздік жүз ойыншысының қатарына кіретін қарсыласпен кездесіп, маңызды тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.
Зангар Нұрланұлы Almaty Open турнирінің жұптық сынына да қатысып, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликпен бірге өнер көрсетті.
Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Direct to Mobile технологиясының арқасында Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады.