Бейбіт Жұқаев пен Әмір Омарханов жұптық сында өнер көрсетеді: Almaty Open матчтарының тікелей эфирі

Бейбіт Жұқаев пен Әмір Омарханов жұптық сында өнер көрсетеді: Almaty Open матчтарының тікелей эфирі

21 қазанда ATP 250 санатындағы Almaty Open теннис турнирінің бірінші және екінші айналым матчтары жалғасады.

Sport+ Qazaqstan телеарнасы бірінші кортта өтетін кездесулерді тікелей эфирде көрсетеді. Олардың қатарында әлемнің алтыншы ракеткасы Томас Мартин Этчеверридің қатысуымен өтетін жекелей сайыс, сондай-ақ аргентиналық Факундо Диас Акоста мен грузиялық Николоз Басилашвили арасындағы екінші айналым матчы бар.

Ойын күнін қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жукаев пен Әмір Омархановтың қатысуымен өтетін жұптық кездесу қорытындылайды. Отандастарымыз турнирге арнайы шақырту (wild card) алған болатын.

Бірінші корттағы матчтардың толық кестесі:

11:30. Теннис. Almaty Open ATP 250. Жекелей сын. Маттиа Беллуччи (Италия) — Томас Этчеверри (Аргентина)

13:00. Теннис. Almaty Open ATP 250. Жекелей сын. Факундо Диас Акоста (Аргентина) — Николоз Басилашвили (Грузия)

14:30. Теннис. Almaty Open ATP 250. Жұптық сын. Натаниэль Ламмонс (АҚШ) / Джексон Уитроу (АҚШ) — Якоб Шнайттер (Германия) / Марк Валльнер (Германия)

15:30. Теннис. Almaty Open ATP 250. Жұптық сын. Шрирам Баладжи (Үндістан) / Эван Кинг (АҚШ) — Анируд Чандрасекар (Үндістан) / Рэй Хо (Қытайлық Тайбэй)

16:30. Теннис. Almaty Open ATP 250. Жұптық сын. Лукас Мидлер (Аустрия) / Нейл Оберляйтнер (Аустрия) — Әмір Омарханов (Қазақстан) / Бейбіт Жұқаев (Қазақстан)

Айта кетейік, матчтардың басталу уақыты шамамен көрсетілген. Кездесулер бірінен соң бірі өтеді.

Барлық матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Күн шежіресі