Аргентиналық дерби және жұптық сайыстар: Almaty Open матчтарының тікелей эфирі
Sport+ Qazaqstan телеарнасында ATP 250 санатындағы Almaty Open теннис турнирінің негізгі кезеңінің трансляциясы басталады.
19 қазанда телеарна аргентиналық теннисшілер арасындағы тартысты кездесуді тікелей эфирде көрсетеді. Турнирде сегізінші нөмірмен тіркелген, ATP рейтингінде 54-орында тұрған Агустин Тиаго Тиранте өз отандасы, әлемнің 69-ракеткасы Факундо Диас Акостаға қарсы ойнайды.
Сонымен қатар Sport+ Qazaqstan эфирінде жұптық сайыстағы екі кездесу көрсетіледі:
Лючано Дардери (Италия) / Томас Этчеверри (Аргентина) — Джейсон Кублер (Аустралия) / Джон Пирс (Аустралия).
Александр Донски (Болгария) / Филип Печонка (Польша) — Артур Реймон (Франция) / Люка Санчес (Франция).
Барлық кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.