Диас Еренғайыпов ACA және ONE ұйымдарының бұрынғы файтерімен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер Диас Еренғайыпов Павлодарда өтетін NAIZA турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.
Лиганың бұрынғы чемпионы қатарынан 10 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Оның келесі қарсыласы үндістандық Рана Сингх (12-3) болмақ. Сингх бұған дейін Road to UFC, BRAVE, ONE FC және ACA ұйымдарының турнирлерінде өнер көрсеткен.
Турнир 1 қараша күні Павлодар қаласында өтеді. Жарысты Sport+ Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.