Almaty Open жартылай финалы Sport+ арнасында: ATP 250 турнирінің шешуші матчтарының тікелей эфирі

Almaty Open жартылай финалы Sport+ арнасында: ATP 250 турнирінің шешуші матчтарының тікелей эфирі

23 қазанда «Алматы Арена» кешенінің бірінші кортында жұптық сында екі кездесу өтеді.

Алғашқы матчта австриялық Лукас Мидлер мен Нейл Оберлайтнер израильдік Даниэль Цукерман мен бразилиялық Фернандо Ромболи жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, дәл осы Цукерман мен Ромболи қазақстандық Александр Бублик пен Заңғар Нұрланұлы жұбын жеңіп, екінші айналымға жібермеген болатын.

Бұл кездесуде Almaty Open турнирінің жұптық сынындағы соңғы жартылай финалист анықталады.

Ал күннің екінші матчында жартылай финалдық кезеңнің алғашқы кездесуі өтеді. Турнирде үшінші нөмірмен тіркелген Юки Бхамбри (Үндістан) мен Райан Сеггерман (АҚШ) америкалық Натаниэль Ламмонс пен Джексон Уитроу жұбына қарсы кортқа шығады.

Екі кездесуді де Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Күн шежіресі