«Барыс» команда капитаны мен ассистенттерін анықтады
Башқұртстан Республикасы Кубогы басталар алдында «Барыс» ойыншылары мен бапкерлер штабы алдағы маусымда команданың капитаны кім болатынын анықтады, деп хабарлайды Sport+.
Бұл міндетті Кирилл Савицкий атқарады.
Капитанның ассистенттері қызметін Джейк Масси, Самат Данияр және Мэйсон Морелли атқарады.
Жаңа маусым 7 қыркүйекте басталады. Бұл күні «Барыс» «Сибирь» командасымен кездеседі. Ал әзірге Михаил Кравец шәкірттері Уфа мен Санкт-Петербург қалаларында өтетін екі жолдастық турнирге қатысады.