«Барыс» клубы жаңа маусымға арналған бапкерлер штабын таныстырды
«Барыс» хоккей клубы ресми сайтында 2026/27 маусымына арналған команданың бапкерлер құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Команданың бас бапкері қызметін Михаил Григорьевич Кравец атқарады.
Бас бапкердің көмекшісі — Талғат Бақытбекұлы Жайлауов.
Шабуылшылар бапкері — Александр Александрович Савченков.
Қорғаушылар бапкері — Евгений Степанович Королев.
Қақпашылар бапкері — Константин Александрович Барулин.
Жалпы дене дайындығы бойынша бапкерлер — Денис Михайлович Михайличенко және Игорь Юрьевич Елисеев.
Бейнеталдаушы бапкерлер — Сергей Викторович Тамбулов пен Владислав Вячеславович Белан.