«Қасымпаша» – «Коньяспор» матчының тікелей эфирі
Түркия Суперлигасының 6-туры «Қасымпаша» — «Коньяспор» матчымен басталады. Ыстанбұлдық клуб бұл кездесуге турнир кестесінің көш басындағы топтың қатарында келеді.
Қазіргі таңда Түркия құрамасы мен италиялық «Интердің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Эмре Белезоглу жаттықтыратын команда 9 ұпаймен 4-орында тұр.
Команданың ең нәтижелі ойыншысы — «Пармадан» 4 миллион еуроға сатып алынған поляк Адам Бенедыщак.
Ал «Коньяспор» маусымды сәтсіз бастады. Дегенмен, бесінші турда команда өз алаңында Мохаммед Салах өнер көрсететін «Трабзонспорды» жеңді.
Матч сағат 22:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.