Чемпион салмақ лимитінен асты: NAIZA жекпе-жегі бәрібір өтеді

Чемпион салмақ лимитінен асты: NAIZA жекпе-жегі бәрібір өтеді

NAIZA лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы Жансерік Жақсығұлұлы салмақ лимитіне сыймады, алайда үміткер Мири Садыгов жекпе-жектің өтуіне келісім берді, деп хабарлайды Sport+.

Бұл ретте Жақсығұлов жеңіске жеткен жағдайда чемпиондық белбеу бос қалады. Ал Мири жеңсе, ол жаңа чемпион атанады.

Сондай-ақ Жақсығұлұлы өз гонорарының 50 пайызын қарсыласына беретінін атап өткен жөн.

Турнир 19 қыркүйекте өтеді. Бүкіл турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.



Күн шежіресі