Санкт-Петербург қаласында Open FC 72 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Амиров пен Деревенских жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Кештің екінші басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атақ үшін тартыс өтеді. Ресейлік Кондрашинге қарсы соңғы жылдары Алматыда тұрып, жаттығып жүрген бразилиялық Пума Рибейро шығады.
Сондай-ақ турнир аясында екі қазақстандық спортшы — Қуаныш Әділетұлы мен Ислам Тастан кәсіпқой ММА-дағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
Толық кард төменде:

Турнир Астана уақытымен сағат 19:00–де басталады.
Жекпе-жектерді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
