NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Нұрбек Қабдрахманов Шымкентте өтетін «Alash Pride» лигасының кезекті турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.
Нұрбектің қарсыласы тәжірибелі қырғызстандық спортшы Рысулбек Ибраимов болмақ. Ол бұған дейін Open FC, RCC, Eagle FC, ACA және америкалық LFA лигаларында жекпе-жек өткізген.
Қазіргі таңда қырғызстандық файтердің кәсіби рекорды — 24 жеңіс және 22 жеңіліс.
«Alash Pride» және «Mangu» лигаларының бірлескен турнирі 19 қарашада өтеді.
Аталған турнирді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
