Жас қазақстандық КХЛ-да дебют жасады
Континенттік хоккей лигасындағы «Барыс» — «Сібір» матчында 19 жастағы Дамир Бритиков дебют жасады, деп хабарлайды Sport+.
Жас қорғаушы мұз айдынында көп уақыт өткізген жоқ — бір минутқа да жетпеді. Дегенмен оның КХЛ-дағы ресми дебюті өтті.
Бұған дейін Бритиков «Снежные Барсы» сапында өнер көрсетіп, өткен маусымда МХЛ-да 36 матч өткізді. Оның еншісінде бір шайба және алты нәтижелі пас бар.