Қазақстан батуттағы гимнастикадан Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Италияның Риччоне қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған халықаралық жарысқа 26 елден 114 спортшы қатысады.
Қазақстан құрамасының сапында Данияр Тусупов пен Егор Белюсенко сынға түседі. Отандастарымыз жекелей сайыста және синхронды секіруде ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 2-4 қазан аралығында өтеді.