Фан Бо WTT Contender Almaty турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген Фан Бо WTT Contender Almaty турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
1/8 финалда Фан Бо Кирилл Герасименконы 13:11, 9:11, 11:7, 8:11, 11:7 есебімен жеңді.
Қазақстандық спортшының келесі қарсыласы Юта Танака — Симон Гази жұбының жеңімпазы болады.