Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Ресей балуаны Анвар Аллахияровпен белдесті. Кездесу қорытындысы бойынша Айдос 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық балуан ширек финалға жолдама алып, әлем чемпионатының жүлдесі үшін күресін жалғастырады.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали — әлемнің қазіргі чемпионы. Ол 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.



Күн шежіресі