Турнир кестесіндегі көршілер кездеседі: «Бешікташ» – «Коджаэлиспор» матчының тікелей эфирі

Турнир кестесіндегі көршілер кездеседі: «Бешікташ» – «Коджаэлиспор» матчының тікелей эфирі

Түркия Суперлигасының жетінші туры алдында «Бешікташ» пен «Коджаэлиспордың» еншісінде 12 ұпайдан бар. Екі команда да алты кездесудің төртеуінде жеңіске жеткен.

Алайда гол соғу жағынан «Бешікташтың» көрсеткіші әлдеқайда жақсы. Ыстамбұлдықтар қарсылас қақпасына 14 гол соққан. Команданың басты сұрмергені Душан Влахович бес рет мергендігімен көзге түсті. Ал «Коджаэлиспор» алты ойында небәрі жеті гол соққан.

Есесіне қорғаныста «Коджаэлиспордың» көрсеткіші тәуір. Олар төрт гол жіберсе, «Бешикташ» қақпасына жеті доп соғылған.

Матч сағат 21:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.



Күн шежіресі