Ринат Алюетов командасы қола жүлдеге таласуда: «Ұлытау» — «Оқжетпес» матчының тікелей трансляциясы
«Астана» Қостанайда «Тобылдан» 2:1 есебімен жеңіліп, ұпай жоғалтқаннан кейін «Оқжетпестің» еурокубок жолдамасына ғана емес, үздік үштікке де таласуға жақсы мүмкіндігі пайда болды.
Қазір Ринат Алюетовтің шәкірттерін турнир кестесіндегі үшінші орыннан небәрі үш ұпай бөліп тұр. Көкшетаулық команда осы ұпайларды Жезқазғанда еншілеуді көздеп отыр.
Ал «Ұлытау» биылғы маусымдағы негізгі міндеттерін орындап қойды. Дегенмен Нұркен Мәзбаевтың шәкірттері өз алаңында өте жақсы өнер көрсетіп жүр. Олар осы маусымда өз алаңында тек төрт командаға — «Астана», «Ордабасы», «Ертіс» және «Алтайға» ғана есе жіберген.
Матч сағат 15:00–де басталады.
Кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.