Юлия Путинцева Уханьдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Юлия Путинцева Уханьдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстанның екінші ракеткасы алғашқы айналымда румыниялық Елена Габриэла Русені жеңді. Ал іріктеу кезеңінің финалында америкалық Эшлин Крюгерден 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Путинцева жеңген екі қарсыласы да қазіргі уақытта WTA рейтингінде қазақстандық теннисшіден жоғары орналасқан.



Күн шежіресі