Түркістанда 12 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы Turkestan Masters турнирі аяқталды
Түркістанда G2 санатындағы республикалық Turkestan Masters 12&Under турнирінің ұлдар арасындағы жекелей сында қорытындысы шығарылды. Жарыс 21–27 қыркүйек аралығында «Түркістан» теннис клубының ашық хард корттарында өтті.
Турнирдің бірінші ракеткасы Арсений Горбач жеңімпаз атанды. Шешуші кездесуде ол Нұрислам Құрманиязовты 6:3, 6:0 есебімен жеңді. Горбач чемпиондыққа жету жолында бірде-бір сетте жеңілген жоқ: ширек финалда Бақытжан Мұхаддасты 6:0, 6:1 есебімен ұтса, жартылай финалда Әлішер Атабаевтан 6:1, 6:1 есебімен басым түсті.
Күміс жүлдегер Нұрислам Құрманиязов ширек финалда Эмир Кандакты 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Жартылай финалда ол екінші нөмірмен тіркелген Сұлтан Охапты тартысты үш сеттік кездесуде 6:3, 2:6, 10:7 есебімен ұтты.
Қола жүлдені Сұлтан Охап иеленді. Үшінші орын үшін өткен матчта ол Әлішер Атабаевты 6:0, 6:3 есебімен жеңді.
Жарыс Kazakhstan Tennis Tour ұлттық сериясы аясында өтіп, жас ойыншыларға турнирлік тәжірибе жинауға және рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынауға мүмкіндік берді.
Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында пайдалана алады.