Финал алдындағы дайындық па? «Қайсар» — «Ордабасы» матчының тікелей эфирі

Финал алдындағы дайындық па? «Қайсар» — «Ордабасы» матчының тікелей эфирі

Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында Қызылордада «Қайсар» мен «Ордабасы» кездеседі. Бұл ойынды Қазақстан кубогының финалы алдындағы дайындық деуге болады.

Екі команда да Кубок турнирінде жоғары нәтиже көрсеткенімен, Премьер-лигада мүлде бөлек мақсаттарды көздеп отыр. «Ордабасы» «Қайратпен» чемпиондық атақ үшін таласып жатса, «Қайсар» шымкенттіктермен кездесу алдында турнир кестесінің соңынан санағанда екінші орынға түсіп қалды.

Матч сағат 19:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.



Күн шежіресі