«Астана» баскетбол клубы Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты

«Астана» баскетбол клубы Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты

Атырауда баскетболдан Қазақстан кубогы өтіп жатыр. Биыл турнирге екі топқа бөлінген алты команда қатысуда, деп хабарлайды Sport+.

21 жасқа дейінгі ойыншылардан жасақталған «Астана» баскетбол клубы «Алматы Легионы» және «Барсы Атырау-2» командаларымен бір топқа түсті.

Алғашқы кездесуде Антон Пономаревтің шәкірттері «Алматы Легионынан» 54:94 есебімен жеңілді. Ал екінші ойында «Барсы Атырау-2» командасын 64:57 есебімен ұтты. Бұл кездесуде Илья Пестов пен Александр Ермаков 14 ұпайдан жинап, команданың үздік ойыншылары атанды.

Осылайша, «Астана» өз тобында екінші орын алып, «Алматы Легионымен» бірге жартылай финалға жолдама алды.

Ал екінші топтан жартылай финалға «Барсы Атырау» мен «Тұран» командалары шықты.



Күн шежіресі