Алан Құрманғалиев: Азия ойындарында жүлде үшін күресемін
Қазақстан үстел теннисі құрамасының көшбасшыларының бірі Алан Құрманғалиев Азия ойындарынан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Sport+.
«16 қыркүйекте Жапонияға ұшамыз. Команда өте жақсы бабында, барлығының жігері тасып тұр. Жеңіске жетуге тырысамыз. Жоспар қандай? Жүлде үшін күресу. Бұл мен үшін екінші Азия ойындары. Қарсыластардың барлығын дерлік білеміз. Жеребе нәтижесі белгілі болғаннан кейін, сол қарсыластарға қарай дайындаламыз».