Қазақстандық жеті шахматшы әлемнің ең мықты 100 ойыншысының қатарына енді
FIDE қыркүйек айындағы рейтингтік тізімінің қорытындысы бойынша Қазақстаннан бірден жеті шахматшы әлемнің үздік 100 ойыншысының қатарына кірді, деп хабарлайды Sport+.
WGM Ксения Балабаева (20 жаста) мен WGM Елназ Калиахмет (15 жаста) алғаш рет топ-100 сапынан көрінді.
Қазақстандық шахматшылар әлемдік топ-100-де:
5. GM Бибісара Асаубаева — 2536 ұпай
22. IM Алуа Нұрман — 2455
37. IM Меруерт Камалиденова — 2413
58. WGM Ксения Балабаева — 2384
77. WGM Лия Құрманғалиева — 2361
83. WGM Амина Қайырбекова — 2355
94. WIM Елназ Қалиахмет — 2347
Айдың басты жетістіктері: Ксения Балабаева 59 ұпай қосып (2325-тен 2384-ке дейін) рейтингте бірден 58-орыннан топ-100 қатарына енді. Елназ Калиахмет 43 ұпай (2304-тен 2347-ге дейін) жинап, әлемнің үздік 100 шахматшысының қатарына 94-орынмен кірді.
Қазақстанның көшбасшылары да өз позицияларын жақсартты: Алуа Нұрман 24-орыннан 22-орынға, ал Меруерт Камалиденова 46-орыннан 37-орынға көтерілді.