Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістан өкілі Лалиттен басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін, 25 қазанда, тағы бір қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) қола медаль үшін белдеседі.



Күн шежіресі