Алматылықтарға берілген мүмкіндік: «Ақтөбе» – «Қайрат» матчының трансляциясы

Алматылықтарға берілген мүмкіндік: «Ақтөбе» – «Қайрат» матчының трансляциясы

Кеше «Ордабасы» «Жеңіске» қарсы кездесуде ұпай жоғалтты. Осы нәтиженің арқасында елдің қазіргі чемпионы «Қайраттың» чемпиондық атағын сақтап қалу мүмкіндігі пайда болды.

Алайда бапкер Рафаэль Уразбахтин шәкірттерін «Ақтөбеге» қарсы өте күрделі әрі тартысты кездесу күтіп тұр.

«Қайрат» Конференциялар лигасында негізгі құрамымен өнер көрсетіп, 1:5 есебімен жеңілгеннен кейін Қазақстанның батысына аттанады. Дегенмен алматылықтардың енді шегінерге жолы жоқ. «Жеңістің» «Ордабасымен» тең түсуі оларға чемпиондық атақ үшін күресті жалғастыруға үміт сыйлады.

Ал «Ақтөбенің» де өз мақсаттары бар. Өз алаңында «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін ақтөбелік команда жанкүйерлері алдында есесін қайтарып, сенімді ақтауға тырысады.

Кездесу сағат 18:00–де басталады.

Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Күн шежіресі