Almaty Open финалы Sport+ арнасында. Шешуші кездесудің тікелей эфирі
25 қазанда ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің финалы өтеді. Шешуші кездесуде әлемнің бесінші ракеткасы Даниил Медведев пен грузиялық теннисші Николоз Басилашвили өзара күш сынасады.
Медведев жартылай финалда қазақстандық Александр Бубликпен кездескен болатын. Алайда Бублик алғашқы сетте жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартып, ресейлік теннисші финалға жолдама алды.
Ал Николоз Басилашвили турнирдегі жолын іріктеу кезеңінен бастады. Негізгі кезеңде ол Стефанос Циципас пен Адриан Маннариноны жеңіп, финалға дейін жетті.
Финалдық кездесу сағат 15:00–де басталады.
Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.