Нәтижелі ойынның жалғасы. «Бәйтерек» — «Тұлпар» матчының тікелей эфирі
Футзалдан Қазақстан Суперлигасының кезекті ойын күнінде «Бәйтерек» пен «Тұлпар» командалары өзара екінші кездесуін өткізеді.
Орал қаласында өткен алғашқы матч 3:3 есебімен тең аяқталған болатын. Сол кездесуде Қарсақпаев пен Атағұлов екі голдан соғып, дубль авторы атанды.
Екінші кездесу 26 қазанда сағат 16:00–де басталады.
Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.