«Қырандардың» өз алаңындағы қарқыны. «Бешікташ» — «Башакшехир» матчының тікелей эфирі

«Қырандардың» өз алаңындағы қарқыны. «Бешікташ» — «Башакшехир» матчының тікелей эфирі

«Бешікташ» биылғы маусымда өз алаңында өткізген төрт кездесудің барлығында жеңіске жетіп, қарсыластарының қақпасына 12 гол соқты.

Алайда енді Ыстамбұл клубын шабуыл шебінде Эльдор Шомуродов өнер көрсететін «Башакшехирге» қарсы күрделі сынақ күтіп тұр.

Кездесу алдында «қырандар» турнирлік кестеде алтыншы орында келеді. Жеңіске жеткен жағдайда «Бешикташ» үздік үштікке көтерілуі мүмкін.

Ал «Башакшехир» әзірге турнирлік кестенің екінші жартысында орналасқан. Дегенмен алдағы қарсыласынан небәрі төрт ұпайға қалып келеді.

Кездесу сағат 21:00–де басталады.

Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.



Күн шежіресі