«Бешікташ» өз алаңында «Башакшехирді» жеңді

«Бешікташ» өз алаңында «Башакшехирді» жеңді

Футболдан Түркия Суперлигасының 9-туры аясында «Бешікташ» өз алаңында «Башакшехирді» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің алғашқы таймында қос команда да есеп аша алмады. Үзілістен кейін алаң иелері шабуылдарын күшейтіп, матчтың соңғы бөлігінде басымдыққа ие болды.

76-минутта О Хён Гю қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Бешікташты» алға шығарды. Ал 89-минутта Джуниор Олайтан екінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, «Бешікташ» өз алаңындағы жеңісті сериясын жалғастырып, Түркия чемпионатында маңызды үш ұпайға қол жеткізді.



Күн шежіресі