Қазақстан Көшпенділер ойындарында қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды
Туризм және спорт министрлігі екі аптада өткен көшпенділер ойындарына қатысты есеп берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Министрліктің мәліметінше, 1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға 597 мың шетелдік турист келіп, олардың жалпы шығыны 7,5 миллиард теңгені құраған. Осы уақытта Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ел бюджетіне 625 мың доллар кіріс әкелген.
Ойындардың мемлекеттік бюджеті 5,7 миллиард теңге болып, әрбір қатысушыға шамамен 1,8 миллион теңге жұмсалған. Іс-шараны 250 мыңнан астам көрермен тамашаласа, eQonaq жүйесі арқылы 12 500 шетелдік турист тіркелген, олардың басым бөлігі Қытай, Үндістан және Германиядан келген.