Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының командалық есебінде жеңіске жетті
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күніне дейін Қазақстан командасы командалық есепте жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
13 қыркүйекке Қазақстан командасының активінде 86 медаль бар, оның ішінде 33 алтын, 25 күміс және 28 қола. Екінші орында Қырғызстан — 53 медаль (16-17-20), үшінші орында Өзбекстан — 34 медаль (11-12-11).
13 қыркүйекте жарыстың соңғы күнінде 11 медаль жиынтығы ойналады, егер Қазақстан бұдан былай алтын медаль алмаса да, біздің команданы жалпы есепте ешкім басып оза алмайды.
Қазақстан алғаш рет командалық есепте жеңімпаз атанды. Бұған дейін жалпы есепте үш рет Қырғызстан мен бір рет Түркия жеңіске жеткен болатын.