logo

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын рекордтық медаль санымен аяқтады

Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын рекордтық медаль санымен аяқтады

Қазақстан құрамасы Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында рекордтық медаль санын жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан 114 медаль жеңіп алды — оның 44-і алтын, 33-і күміс және 37-сі қола медаль. Екінші орынды Қырғызстан құрамасы иеленді — 64 медаль (18-21-25), үшінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасты — 34 медаль (11-12-11).

Бұл — Қазақстанның ойындарға қатысқан уақыттағы ең үздік нәтижесі. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 2018 жылы тіркелген болатын, сол кезде Қазақстан 18 алтын, 24 күміс және 30 қола медаль ұтқан.

Сондай-ақ Қазақстан алғаш рет ойындардың жалпы командалық есебінде жеңіске жетті. 2014, 2016 және 2018 жылдары командалық есепте Қырғызстан, ал 2020 жылы Түркия жеңіске жеткен болатын.

Келесі көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді.



Күн шежіресі