logo

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Румынияның Клуж-Напока қаласында үстел теннисінен жастар арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғаш болып қазақстандық Алан Құрманғалиев өнер көрсетті.

Аралас жұптық сайыста Құрманғалиев пен мысырлық Хана Года Пуэрто-Рико спортшылары Энрике Риос/Кристал Мелендес жұбын жеңді.

Кездесу 3:1 есебімен аяқталды.