logo

Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов командалық сайыста жеңіске жетті.

Финалда отандастарымыз Иран құрамасын 8:1 есебімен тізе бүктірді.

Алан Құрманғалиев/Айдос Кенжіғұлов — Беньямин Фараджи/Сейедмохаммад Мусавитахер 2:1.

Кирилл Герасименко — Сейедамирхоссейн Ходаи 3:0.

Алан Құрманғалиев — Беньямин Фараджи 3:0.

Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев енді жекелей және жұптық сайыста сынға түседі.



Күн шежіресі