Шорт-тректен әлемдік турдың екінші кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі

Шорт-тректен әлемдік турдың екінші кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі

Қазақстан ұлттық құрамасы шорт-тректен Канаданың Монреаль қаласында өтетін әлемдік турдың екінші кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық жарыста еліміздің намысын 12 спортшы қорғайды.

Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Малика Ермек, Гүлдана Жалмұхан.

Ерлер: Глеб Ивченко, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Мақсат Уалилла, Богдан Вехов, Тамирлан Жолдас.

Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Айта кетейік, әлемдік турдың алғашқы кезеңінде Богдан Вехов 1500 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Ол төртінші орынға тұрақтаған еді.



Күн шежіресі