logo

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ Алина Галечина 1500 метрлік қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да үшінші орынға ие болды.

Турнир 23 қаңтарда аяқталады.



Күн шежіресі