Денис Никиша: Біздің міндетіміз – жеңіске жету, сонда ғана ата-аналар балаларын шорт-трекке бергісі келеді

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, шорт-тректен әлем чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері Денис Никиша Sport+ арнасындағы «Тікелей сұхбат» бағдарламасында бұл спорт түрінің Қазақстандағы дамуы туралы айтып берді.
«Ата-аналар балаларын шорт-трекке бергісі келген кезде, демеушілер де келе бастайды. Біздің міндетіміз — жеңіске жету, елімізге жеңістер әкелу. Бірақ шорт-трек Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жас спорт түрі болғанымен, біз өте жылдам дамып келеміз. Әлем кубоктарын өткіздік, келесі жылы жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңі өтеді. Егер мүмкіндік болса, мен өте қатты қалаймын, бізде әлем чемпионаты мен Азия ойындары өтсе екен. Біздің елімізде шорт-трекке арналған инфрақұрылым бар, халқымыз қысқы спорт түрлерін жақсы көреді», - деді Никишин.
Толық сұхбатты мына жерден көре аласыз.