Мария Шкабарова: Әрқашан жақсы нәтиже көрсетуге, әрі жылдам қозғалуға болады

Тау шаңғысы спортынан Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Шкабарова Ябули трассасын бағалап, 2025 жылғы Азия ойындарындағы өз өнерін атап өтті, деп хабаралайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы тоғызыншы орынды иеленді.
«Ябулиде мұндай ауа райы сирек емес. Әр түрлі елдерде тау шаңғысы жарыстары кезінде оң температура да, минус температура да болуы мүмкін.
Меніңше, спортшы кез келген жағдайға бейімделіп, ауа райына тәуелді болмауы тиіс. Біз әр жағдайға дайын болуымыз қажет.
Оның үстіне мен Шығыс Қазақстаннанмын, осындай жағдайларға үйренгенмін. Желдің әсері, әрине, болады. Бірақ ауа температурасына көбірек әсер етеді. Трассада желді сезбейсің, тек қар мен мәреге жету ғана маңызды.
Бірінші мүмкіндікте қобалжу болды. Алайда екіншісінде белсенді болдым. Бірақ, әрине жақсырақ жасай аласың, жылдам жүруге болады. Қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз.
Трасса жақсы, қар және жол да тамаша, маған өте ұнайды. Тау да керемет. Жалпы, бәрі жақсы, ыңғайлы. Бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Жақсы спортшылар келді. Барлығына қолдау көрсеткендері үшін рахмет!», — дейді спортшы.